Астанада кондиционер орнату кезінде жұмысшы құлап, 15-қабат деңгейіндегі кронштейнге ілініп қалды. Ер адамды МЧС қызметкерлері құтқарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болған. 1990 жылы туған ер адам шамамен 50 метр биіктікте кондиционер кронштейнінде ұсталып қалған.
Жедел жеткен құтқарушылар жұмысшыға автобаспалдақ арқылы жетіп, оны жерге түсірді.
МЧС-та биіктікте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Оралда бес қабатты үйдегі өрт кезінде жеті адамның эвакуацияланғанын жазған болатын.
