Астанада автотұрақта тұрған көліктердің өртенуі кезінде зардап шеккен ер адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрт кезінде көліктердің бірінің жүргізушісі автокөлігін сақтап қалуға тырысып, жарақат алған.

Зардап шеккен адам реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр.

«Науқастың жағдайы ауыр, тұрақты. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады басқарма.

Еске сала кетейік, өрт салдарынан автотұрақта тұрған бес көлік зақымданған.