Астана аспанында әскери авиация ұшақтары ұшады, деп ескертті Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана қаласында бірқатар ауқымды халықаралық саяси іс-шара өткізілуіне байланысты 2026 жылдың 5-7 қараша күндері қала көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады», - деп жазылған хабарламада.

Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.

«Оған қоса, 1 қарашадан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған», - дейді Мемлекеттік күзет қызметінде.

Ведомствода елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.