Астанада көшеде 47 жастағы әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға кезінде әйелге куәгерлер көмек көрсетуге тырысқан. Жедел жәрдем бригадасы да оқиға орнына жедел жетіп, реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.
Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сауда базарының алдында болған. «Сауда базарының алдында 47 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
