Қазақстанның ірі қалаларында алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді: елордада аяз күшейсе, оңтүстік өңірлерде көктем лебі сезіледі, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Астана қаласы бойынша:

31 қаңтарда елордада қар жауып, ауа температурасы түнде -20…-22°С, күндіз -7…-9°С болады. 1 ақпанда жауын-шашын тоқтап, түнде -15…-17°С, күндіз -3…-5°С-қа дейін жылынады. Ал 2 ақпанда қайтадан қар жауып, бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -15…-17°С, күндіз -8…-10°С аралығында болады.

Алматы қаласы бойынша:

Оңтүстік астанада алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең қаланы тұман басады. 31 қаңтарда ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С болса, 1 ақпанда күндіз +3…+5°С-қа дейін көтеріледі. 2 ақпанда күн одан әрі жылынып, күндіз термометр бағанасы +5…+7°С көрсетеді.

Шымкент қаласы бойынша:

Шымкентте алдағы күндері жауын-шашынды болады. 31 қаңтарда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +7…+9°С болады. 1-2 ақпан күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +4…+6°С, ал күндіз +11…+13°С-қа дейін жетеді.