Астанада 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысының беті ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2005 жылы Астанада зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.

Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды, деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.