Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның атқарушы комитеті осындай шешім қабылдады. Қазақстанның футбол федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін матч «Астана Арена» стадионында өтеді.

«Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды. Қазақстанда мұндай деңгейдегі матчтың өтуі – отандық спорт үшін тарихи оқиға», - делінген ресми хабарламада.

Ал «Астана Арена» стадионын қайта жаңғырту және инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту шаралары оның УЕФА-ның ірі еуропалық финалдарды өткізуге қойылатын қатаң регламенттік талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2027 жылы Астанада УЕФА конгресі өтеді.