Астана еуропалық футболдың жаңа басшылығын анықтайтын орынға айналады. 2027 жылы 22 сәуірде Қазақстан астанасында УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді, оның барысында ұйым президенті мен Атқару комитетінің мүшелері сайланады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Конгреске УЕФА-ға кіретін барлық 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ ұйым басшылығы, ФИФА делегаттары, еуропалық лигалар, клубтар және басқа да спорттық ұйымдар келеді.
«Қазақстанға осындай ауқымды іс-шара өткізу құқығын беру УЕФА тарапынан жоғары сенім деңгейін растайды және елдің ірі халықаралық спорттық оқиғаларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін мойындауды білдіреді», — деп атап өтті министрлікте.
Ведомство ұйымдастыруға барлық шығындарды УЕФА өз мойнына алатынын нақтылады.
Сонымен қатар, конгресс қазақстандық футболдағы белсенді өзгерістер аясында өтеді. Елде спорт инфрақұрылымы жаңартылып, балалар футболы дамып, кәсіби клубтарды басқару жүйесі өзгеруде.
Қазірдің өзінде 11 клуб жеке инвестицияларды тарта отырып, жаңа модель бойынша жұмыс істейді. Оларды дамытуға 80 млрд теңгеден астам қаражат салынған. Жақын арада тағы сегіз клубты осындай жүйеге ауыстыру жоспарлануда.
Алдыңғы күні француздық «Пари Сен-Жермен» Қазақстанда өзінің футбол академиясын ашатыны белгілі болды. Бұл жас ойыншыларды заманауи халықаралық стандарттар бойынша дайындауға көмектеседі деп күтілуде.
УЕФА Конгресінің өткізілуі және ПСЖ академиясының ашылуы — Қазақстанның Еуропа футбол картасындағы позицияларын нығайтуға жасалған тағы екі қадам.
Бұған дейін «Курсив» УЕФА-ға кіретін барлық 55 ұлттық қауымдастықтың құрамалары Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионаты мен басқа да жарыстарға қатысты құқықтардың бір бөлігін жеке инвесторларға беру идеясынан бас тартпайынша, оның эгидасымен өтетін турнирлерге қатыспайтынын мәлімдегенін жазған болатын.
ФИФА-ның инвесторларға нақты не сатпақшы екені және УЕФА-ның неліктен бойкот жариялағаны туралы осы жерден оқуға болады.
