Астанада 19 тамызда электр энергиясы мен ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Электр энергиясының өшірілуі

Қалалық iKomek109 орталығының мәліметінше, электр желілеріндегі жұмыстардың басым бөлігі 08:30-ден 16:00-16:30-ға дейін жүргізіледі. Кейбір аудандарда жарық келесі уақыт аралықтарында өшіріледі:

  • 0109:00-ден 12:00-ге дейін
  • 0209:00-ден 16:30-ға дейін
  • 0309:30-дан 16:30-ға дейін
  • 0410:00-ден 12:00-ге дейін

Жоспарлы жұмыстар келесі көшелер мен тұрғын алаптарды қамтиды: Шыңғыстау, Қайыңды, Сұлукөл, Ардагерлер, Сүмбе, Карталы, Қызылсу, Суворов, Ақжол, Гоголь, Құрманғазы, Сарайшық, Қонаев, Құлынды, Ондасынов, Тайбеков, Е-248 және Ташенов.

Сондай-ақ, Телебаев, Бесбалық, Сарын, Кошкарбаев, Айнакөл, Өзбекәлі Жәнібеков, Орхон, Жұмабаев, Ахметбеков, Қордай, Бүлбүл және басқа да мекенжайларда өшірулер болады.

Өшіру себептері

Электр энергиясын уақытша шектеу себептері — желілерді күрделі жөндеу, жабдықтар мен камераларды монтаждау, есепке алу элементтерін орнату, сондай-ақ ағаштарды кесу.

Ыстық судың өшірілуі

08:00-ден 17:00-ге дейін К. Әзірбаев, Ә. Бөкейханов, Әл-Фараби, Керей және Жәнібек хандар, Қосшығұлұлы және Күмісбеков көшелеріндегі жекелеген үйлерде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Бұл шектеулер жылу желілеріндегі жұмыстарға байланысты, оның ішінде ағып кетулерді жою, врезкалар орнату және құбырдың жекелеген элементтерін демонтаждау.

iKomek109 орталығы барлық шектеулердің уақытша екенін және жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты екенін атап өтті.