Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны» АҚ президенті Константин Лидің айтуынша, жер учаскесінің ауданы 5 га, құрылыстың жалпы ауданы 22 мың шаршы метр, пайдалы алаңы 30 мың шаршы метрді құрайды. Орталықта 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

«Сондай-ақ, осы логистикалық орталықтан басқа біз Ақтөбеде логистикалық орталық салдық. Яғни, біз бүкіл Қазақстан бойынша логистикалық инфрақұрылымды дамытып жатырмыз», - деп атап өтті Константин Ли.

Жоба елорда мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін халық тұтынатын тауарларды сақтауды, өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді.