Астанада 12 қабатты тұрғын үй өртенді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде орналасқан құрылысы жүріп жатқан нысанда болған. Ғимаратта адамдар болмаған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді.

ТЖМ хабарламасында: "Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді", - делінген.

Бір сағат шамасында ТЖМ күштерімен өрт оқшауланып, қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.