Астанада «102» қызметіне қоңырау шалып, операторды балағаттаған ер адам сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала прокуратурасының мәліметінше, оған Қылмыстық кодекстің 378-бабы 1-бөлігі «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау» бойынша айып тағылды. Сот үкімімен ол адам 30 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Үкім заңды күшіне енді.