Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған 25 жастағы жігіт 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Polisia.kz мәліметінше, ол досының үйлену тойы аяқталғаннан кейін мейрамханаға қарама-қарсы жерде пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан.
Салдарынан жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығы бұзылған.
Оқиғаға қатысты шара ретінде 25 жастағы жігіт 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
