Елорданың Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында Республика күні қарсаңында «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясы өтті. Бастама аясында екі ауданның көпқабатты тұрғын үйлерінің балкондары мен көшелеріне Қазақстанның 200-ден астам туы ілінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бастаманы елордалық жастар, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының тұрғындары, сондай-ақ «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қолдады.
Қала тұрғындарының белсенді қатысуының арқасында Қазақстанның тулары тұрғын үйлер мен көшелерді безендіріп, ұлттық мереке қарсаңында ерекше көңіл күй сыйлады.
Акция аясында ілінген тулардың фотосуреттері Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
