Астананың Байқоңыр ауданында полицейлер жерасты өткелдерінің қабырғаларын түрлі жазулармен және суреттермен, соның ішінде әдепсіз сипаттағы бейнелермен безендірген жасөспірімдердің жеке басын анықтады. Бұл әрекеттер тұрғындардың әлеуметтік желілердегі шағымдарына себеп болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Аудандық полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, оларды бөлімшеге жеткізді.
Құқық бұзушылар кәмелетке толмағандықтан, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы («Кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.
Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі коммуналдық қызметтер күн сайын санитарлық тазалау жүргізіп, өткелдердегі қабырғаларды үнемі жуып отыратынын, алайда рұқсат етілмеген жазулардың үнемі пайда болуы бұл күш-жігерді жоққа шығаратынын атап өтті.
Қала билігі Астана тұрғындарын қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға және ортақ мүлікті құрметтеуге шақырды.
Бұған дейін «Курсив» Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында бір күнде есірткі жарнамасы бар 1 мыңнан астам жазу боялғанын жазған болатын, деп хабарлайды Polisia.kz. Бірлескен рейдке 200-ден астам полицей, еріктілер және қоғамдық белсенділер қатысты.
