Ақмола облысында көлік жол апатына түсіп өртеніп кетті. Көлік салонында болған төрт адамның үшеуі жанып кеткен. Ал төртінші жолаушы ауруханада қайтыс болды деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

14 шілдеде "Астана - Петропавл" автожолының 148-ші шақырымында Mitsubishi Lancer автокөлігі жол апатына түсті. "Астана қаласы бағытында келе жатқан жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Апат салдарынан көліктің үш жолаушысы, оның біреуі кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды", - дейді полиция.

Жүргізуші ауыр термиялық күйікпен ауруханаға жатқызылды, бірақ кейіннен медициналық мекемеде қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.