Астана – Петропавл тас жолында полиция көлігі жол апатына түсіп, тәртіп сақшысы зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 3 қарашада болды. Полиция мәліметінше, JAC T9 көлігінің жүргізушісі жылдамдықты және қашықтықты сақтамай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасын сүйемелдеп келе жатқан полиция көлігімен соқтығысқан.
«Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — дейді полицейлер.
Оқиға салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
