«НК «ҚазАвтоЖол» компаниясы Астана-Павлодар бағытындағы 413-ші шақырымда шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын қажет ететін учаске анықталғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания өкілдерінің айтуынша, қалыптасқан ыстық ауа райы жағдайында температуралық деформациялардың алдын алуға ерекше назар аударылады. «Жол қызметтері бетон плиталарының қисаюына және апаттық жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін алдын ала жұмыс істеуде», – деп атап өтті компанияда.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері орнатылып, жол қызметтері жұмысқа кірісті. Жөндеу жұмыстары аясында жабынды бөлшектеу, қиыршық тас негізін дайындау және асфальтбетон қоспасын төсеу жүргізілуде.
Компанияда атап өткендей, жұмыстарға мамандар мен барлық қажетті техника жұмылдырылған. Бұған дейін осы бағытта компенсациялық тігістерді кесу және бетон плиталарындағы ішкі кернеуді төмендетуге бағытталған жергілікті жөндеу жұмыстарын қоса алғанда, профилактикалық іс-шаралар да жүргізілген.
