Астанада жас педагогтар қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ерекше портретін жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмысқа шамамен 5 мың шеге және 600 метр жіп қажет болды. Елордалық әкімдіктің хабарлауынша, 3×2 метрлік инсталляция String art техникасында ағартушының 154 жылдығына орай жасалған.
Жобаны Ахмет Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейінің мұғалімдері ойлап тапты. Оны жасауға 14 күн кетті.
«Алдымен проектордың көмегімен Байтұрсыновтың бейнесі ағаш панельге түсіріліп, контурлары белгіленді. Содан кейін негізге шамамен 5 мың шеге қағылды, одан кейін педагогтар олардың арасына жіптерді өре бастады, біртіндеп портрет қалыптасты», — деді жоба авторлары.
Мұғалімдер бұл жұмыс тек көркем инсталляция ғана емес, мектептің мәдени кеңістігінің бір бөлігіне айналғанын атап өтті. Дайын портретті педагогтар мектеп мұражайына сыйға тартты.
Енді бұл туынды оқушылар мен мектеп қонақтарын Ахмет Байтұрсыновтың тұлғасы мен мұрасымен заманауи өнер арқылы таныстырады.
Бұған дейін «Курсив» қазақстандық суретшілердің ерін далабының көмегімен картиналар жасағаны туралы айтқан болатын.
