Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа премьер-министрі Хун Манет келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манеттің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті. Тараптар алты құжатқа қол қойды.

Қол қойылған құжаттар

  • 01Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Пошта және телекоммуникациялар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
  • 02Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы мен Камбоджа Корольдігі Ішкі істер министрлігі арасында цифрлық үкімет, GovTech және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
  • 03Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Сауда министрлігі арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
  • 04Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Мәдениет және көркем өнер министрлігі арасында мәдениет пен өнер салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
  • 05Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Камбоджа Корольдігі Туризм министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
  • 06Астана мен Пномпень қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандум.

Бұған дейін Қазақстан мен Камбоджа жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамытпақ екені хабарланған болатын.