Астана мен Алматыда алдағы үш күн бойы күн ыстық болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, бүгін Астанада +36 градусқа дейін ыстық болады. Ертең де солай, ал 23 маусымда +26-28 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – секундына 5-10 метр. 23-24 маусым күндері 15 метрге дейін күшейеді.

Алматыда бүгін ауа температурасы +33 градусқа дейін көтерілсе, ертең, 23 маусымда +36 градусқа дейін ысиды. Желдің жылдамдығы үш күн бойы секундына 3-8 метрден аспайды.

Айта кетері, Қызылордада бүгін күн +40 градусқа дейін ысиды. Ал Түркістанда бүгін және ертең қатты ыстық болады.