Биыл қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

«Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілді», — дейді комитет.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткендер жауапқа тартылатынын ескертті.