Астана күні қала тұрғындары мен қонақтарына арнап шаһардың әртүрлі алаңдарында 200-ден астам іс-шара өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мереке 2 шілдеде басталады. 15:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда "Байрағы биік байтағым" республикалық мүшәйрасының жеңімпаз ақындарын марапаттау рәсімі өтеді. 17:00-де Бейбітшілік және келісім саябағында "Taza Fest Astana" фестивалі ұйымдастырылады. 19:30-да Есіл өзені бойында Ұлттық ұлан оркестрі теплоход үстінде концерт береді.
3 шілдеде таңғы 09:00-де Самал саябағында "Таза Қазақстан" акциясы аясында экологиялық іс-шара өтеді. 10:00-де М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында "Астана – шабыт мекені" фотокөрмесі ашылады. 11:00-де осында "Ел жүрегі – Астана!" жастар open-air фестивалі басталады. Сондай-ақ 11:00-де экохабта "Екінші өмір" байқауы өтеді. 15:00-де Ұлттық музейде "Менің Астанам – менің отбасым" онлайн-байқауына қатысқан жас отбасыларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. 16:00-де Бейбітшілік және келісім саябағында "Кішкентай құрылысшылар – үлкен Астана" балалар фестивалі өтеді. 19:00-де Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің алдындағы амфитеатрда "Даламыздың үнісің сен, домбыра" концерті өтеді.
3 және 4 шілде күндері Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "ALEM" пластикалық спектаклінің "Астана, мен сені сүйемін" премьерасы ұсынылады. 4-6 шілде аралығында Астана циркінде мерекелік бағдарлама өтеді. "Мерекелік саябақ" фестивалі 4 шілдеде Өнер музейінде, 5-6 шілдеде Орталық саябақта жалғасады.
4 шілдеде 09:00-де Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында Kids Run балалар жарысы өтеді (6-15 жас). 18:00-де Sana Sport спорт кешені жанындағы скейт-паркте Urban Fest көше спорты фестивалі ұйымдастырылады.
5 шілдеде 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Асыл мұра" концерті өтеді. Қатысушылар: Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева және Гүлмира Сарина. Сол күні Амфитеатрда Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтеді. 5 және 6 шілдеде қалалық перформанс фестивалі өтеді. 08:00-де Ырыскелді қажы мешіті жанындағы жағалауда SARYARQA RUN бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылады (16+).
6 шілдеде 10:00-де Триатлон саябағында "Жас Қыран" турнирі (еркін және грек-рим күресі, қазақ күресі, дзюдо) өтеді. 11:00-де Ғашықтар саябағында "Астана сақасы" асық ату турнирі. 16:00-де қалалық алаңда "Толағай" алыптар сайысы. Тұрғын алаптарда мерекелік концерттер. 12:00-де Достық үйінде "Өнермен нұрланған – асқақ Астана" фестивалі. 18:00-де "Қазақ елі" монументі мен "Астана Арена" стадионы маңында Open Air концерттері.
7 шілдеде 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында "Жайдарман" жастар фестивалі. Сол уақытта Амфитеатрда "Астана – арман қала" концерті.
8 шілдеде 15:00-де Ұлттық академиялық кітапханада "Қаламгер ұстаханасы" әдеби алаңы. 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы филармонияда "Самғау" музыкалық кеші (Бауыржан Мақаевтың шығармашылығына арналған).
11 шілдеде "Мерейлі отбасы" байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау. 11-12 шілдеде "Қазанат" ипподромында BaiQymyz халықаралық гастрономиялық фестивалі (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей/Якутия қымыз өндірушілері қатысады).
