Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған. Ең көп нәресте: Түркістан облысында - 67 сәби; Алматы қаласында - 44 сәби; Шымкент қаласында - 40 сәби; Алматы облысында 40 сәби дүниеге келді.

"Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етті", - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз, дейді министрлік.