Бүгін Астанада жауған нөсер жауыннан кейін қала көшелерін су басты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түстен кейінгі жаңбырдан кейін желіде суға батып жатқан көліктердің видеосы тарады. Мәселен, Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Асқар Тоқпанов көшесінің қиылысында судың деңгейі жеңіл көліктің капотына дейін жетіп тұр. Оны бұрылыста тұрған бір көліктен анық байқауға болады.

Ал Байтұрсынұлы мен Аманжолов көшелерінің қиылысында тротуарлар да судың астында қалды. Адамдар аялдамада отыратын жерге мініп алып, автобусты күтіп тұр. Ал жолаушылар автобустың ішіне кіріп жатқан суды түсіріп, желіде таратып жатыр.

Tarlan Astana станцияларының бірінде шатырдан су ағып жатыр.

Қазгидроменттің мәліметіне сәйкес, алдағы күндері Астанада +25...+29 градус ыстық, тағы жаңбыр жауады.

Айта кетері, Астанада нөсер жауыннан кейін қала көшелері жиі суға толып кетеді. 2018 жылы сол кездегі әкім Әсет Исекешев те премьер-министрге осы мәселеге қатысты жоспарын айтқан. Ал 2023 жылы "Elorda eco system" директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылған болатын.

Дегенмен, астаналықтар жаңбырдан кейін қызықты видеоларын жариялаудан шаршамайды. Бір рет көшеде үрлеме қайықпен жүзген ер адамдар жазаланған болатын.