Астанада аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аэротакси өлшемі бойынша жеңіл көлікке ұқсас, ұшқыш пен бес жолаушыны сыйдыра алады. Көлік құралының шекті салмағы - 450 кг-ға дейін. Ұшу биіктігі 300-ден 1200 метрге дейін жетеді.

Тұсаукесерде президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеев айтқандай, республика осы типтегі ұшақтарды әзірлеу үшін үнемі жағдай жасап келеді.