Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 21 наурызда Астана – Алматы тасжолында, Сарышаған кентінің маңында болған. 33 жолаушысы бар рейстік автобустың 49 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция жүргізушілерге демалыс режимін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болу керегін ескертті.