ҚР ТЖМ мамандары 26 маусым, жұма күні Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы болатынын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Алматыда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.
Шымкентте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +36…+38°C.
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанның тоғыз өңірінде жұма күні дауылды ескерту жарияланғанын жазған болатын. Нөсер жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері хабарлады.
