ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астананың жаңа әуежайын салу жұмыстары келесі жылы басталатынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында министр құрылыс жұмыстары басталатын уақытты жариялады. «Бұған дейін айтылғандай, Астана әуежайын салу – кезек күттірмейтін міндет. Қала әкімдігі тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр, құрылысты келесі жылы бастайды», – деді Сауранбаев.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласында жаңа әуежай салу кезек күттірмейтін міндет екенін мәлімдеген болатын. Қазіргі уақытта қала әкімдігі жаңа әуежайдың құрылысына арналған бірнеше жер учаскесін қарастырып жатыр.