Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру енгізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Қоғамдық талқылауға жарияланған Көлік министрлігі бұйрығының жобасында айтылған. Көлік министрлігі Астана қаласының әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып, жолаушыларды биометриялық сәйкестендіруді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
"Жоба жолаушыларға қызмет көрсету процесін жақсартуға бағытталған. Биометриялық сәйкестендіруді енгізу қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ұшуға дейінгі рәсімдерден өтуді оңтайландыруға және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.
Құжат 2026 жылғы 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.
