Астаналық жастар Республика күніне орай әуежайда шетелдік қонақтарға Қазақстанның туы мен шоколад таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Республика күні қарсаңында "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері елорданың халықаралық әуежайында мерекелік акция ұйымдастырды.
Еріктілер Астанаға келген шетелдік қонақтарға Қазақстанның туы мен шоколад сыйлап, ұлттық мерекемен құттықтады.
Қонақтардың арасында Иорданиядан келген Wrestling for Peace ұйымының президенті Дэн Рассел де болды.
Ол Қазақстанға бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде келгенін айтып, еліміздің қонақжайлығы мен мәдениетіне жоғары баға берді.
