Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактісі анықталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, әуежай авиациялық отын жеткізушілерден реттелмеген алым өндірген. Алым мөлшері бір тонна үшін 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін, кейіннен 60 137 теңгеге дейін өзгертілген.
Агенттік бұл әрекеттер нарық қатысушыларының шығындарын арттырып, авиациялық отын бағасының өсу тәуекелдерін туындатқанын атап өтті. Аталған әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды.
Тергеп-тексеру қорытындыларын бірінші сатыдағы сот заңды деп таныды.
