Астана әкімдігі 300-ден астам грант алған университеттердің тізімін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
303 грант қалаға қажетті мамандықтарға бөлініп отыр. Соның барлығы бес университеттің білім беру бағдарламаларына берілді.
Грант алған университеттер мен мамандықтар
**Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:** - Көлік қызметтері
**А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:** - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
**Astana International University:** - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі - Физика пәні мұғалімдерін даярлау - Математика пәні мұғалімдерін даярлау - Информатика пәні мұғалімдерін даярлау - Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау - Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау - Ақпараттық технологиялар
**Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:** - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі - Информатика пәні мұғалімдерін даярлау - Математика пәні мұғалімдерін даярлау - Физика пәні мұғалімдерін даярлау - Ақпараттық технологиялар - Арнайы педагогтерді даярлау (дефектолог, логопед, тифлопедагог пен сурдопедагог)
**Esil University:** - Информатика пәні мұғалімдерін даярлау - Математика пәні мұғалімдерін даярлау - Ақпараттық технологиялар
Құжат қабылдау мерзімі
Грант конкурсына құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтеді. Астана әкімдігінің білім гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет.
