Астанадағы ескі теміржол вокзалы Астана-1 реконструкциясы қарқынды жүріп жатыр. Жаңартудан кейін вокзал алаңы 500 шаршы метрге ұлғайып, 8,7 мың шаршы метрге жетеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта нысанда шатыр мен ғимарат қасбетін орнату, перрон мен конкорс өткелін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары, сумен жабдықтау, кәріз, жылу, электрмен жабдықтау, желдету және байланыс жүйелерін монтаждау қатар жүргізілуде.

Реконструкцияға 255 маман және 12 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылған.

ҚР Көлік министрлігінің уәдесінше, жұмыстар аяқталғаннан кейін вокзал қауіпсіздік, жайлылық және қолжетімділіктің заманауи талаптарына сай болады. Жолаушылар үшін жаңа эскалаторлар, лифтілер мен көтеру платформалары орнатылады, пандустар, ана мен бала бөлмелері, заманауи санитарлық бөлмелер мен күту аймақтары жабдықталады.

«Модернизация аясында заманауи бейнебақылау, өрт дабылы, кіруге бақылау және жолаушыларды хабардар ету жүйелері енгізілуде. Сонымен қатар жаңа LED-экрандар орнатылып, дауыстық хабарлау жүйелері, жиһаз және технологиялық жабдықтар жаңартылуда», — деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, Астана-1 станциясының жолаушылар ағыны 2026 жылдың жеті айында 1,8 млн адамнан асты. Оның ішінде 908 мыңнан астам жолаушы астанадан жөнелтілсе, 977 мыңнан астамы Астанаға келген.

Бұған дейін «Курсив» Астана-1 вокзалының мердігеріне мерзімде үлгеру үшін жұмысты жеделдету тапсырылғанын жазған болатын.