Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиевті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына қайта тағайындады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақорданың хабарлауынша, тиісті Жарлыққа Президент қол қойған. Мерғалиев бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді. Оған дейін ол облыстық соттарды басқарған.
Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев 1972 жылы 2 сәуірде Павлодар облысында дүниеге келген. Оның кәсіби мансабы сот жүйесінде өткен.
