ПСЖ мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Францияда зорлау ісі бойынша сот алдына келеді. Версаль апелляциялық соты футболшының істі қылмыстық сотқа беруден құтылу әрекетін қабылдамады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс 2023 жылы берілген арызға қатысты. Айыптау нұсқасы бойынша, оқиға Хакимидің Франциядағы үйінде болған. Футболшы өз кінәсін толығымен жоққа шығарады.
Хакими апелляция бойынша сот шешіміне бірден жауап берді. Ол бұл жағдай оның отбасына, жеке өміріне және беделіне соққы болғанын жазды. Футболшы сонымен қатар танымалдығына байланысты өзін «жеңіл нысана» ретінде сезінетінін айтты.
«Мен бұл сотты бірінші күннен күттім. Енді оны асыға күтемін. Ақыры сөйлей аламын», – деп жазды Хакими Х-те.
Соттың күні әзірге белгісіз. Хакимидің кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы түпкілікті шешім тек сот процесінің нәтижесінде қабылданады.
Қазір Хакими Марокко құрамасымен 2026 жылғы әлем чемпионатында. Бұған дейін ол Бразилияға қарсы ойында ойнады, ал марокколықтардың келесі ойыны бүгін түнде Шотландияға қарсы өтеді.
