Түрікменстанның Ашхабад қаласындағы Ұлы Сапармұрат Түрікменбашы атындағы Бейнелеу өнері музейінде "Ғасырлар қойнауынан: фотосуреттердегі қазақ мәдениеті" атты халықаралық фотокөрме ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс-шараға Ашхабад қаласындағы музейлердің басшылары, БҰҰ мен ЕҚЫҰ өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Көрменің негізгі мақсаты – Түрікменстан жұртшылығына XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін таныстыру және музей қорларында сақталған бірегей фотосуреттерді көпшілікке ұсыну.
Ашхабадта қазақ мәдениетіне арналған фотокөрме ашылды. Іс-шара Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
