Lionsgate компаниясы «Аш ойындар» әлеміне арналған жаңа фильмнің жаңа трейлерін көрсетті. Картинаның кинотеатрлар мен IMAX-тағы премьерасы 20 қарашада өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Екінші приквел
Бұл атақты франшизаның екінші приквелі. Фильм Сьюзен Коллинздің кітабы бойынша түсірілген және Китнисс Эвердиннің оқиғасынан 24 жыл бұрын болған оқиғаларды баяндайды.
Жас Хеймитч туралы
Жаңа фильмде жас Хеймитч Эбернетидің тарихы көрсетіледі. Болашақта ол Китнисстің тәлімгері болады, бірақ жастық шағында өзі аренада аман қалуға мәжбүр болды. Бұл жолы 50-ші Аш ойындар өтеді — бұл мерейтойлық турнир. Аренаға 24 емес, бірден 48 жасөспірім жіберіледі — әр дистрикттен төрт адамнан.
16 жастағы Хеймитч тек аман қалуға ғана емес, қатыгез Капитолий мен президент Сноуға іштей қарсы тұруға тырысады. Оның әрекеттері Панемдегі болашақ көтерілісті бастайды. Басты рөлді Джозеф Зада («К востоку от Эдема») сомдады. Сондай-ақ фильмде Рэйф Файнс («Возвращение Одиссея», «Список Шиндлера», «Конклав»), Джесси Племонс («Любовь и смерть», «Во все тяжкие»), Гленн Клоуз («101 далматинец»), Эль Фаннинг («Хищник: Планета смерти», «Великая», «У Марго проблемы с деньгами»), Маккенна Грейс («Охотники за привидениями: Наследники», «Детство Шелдона») және басқа да жұлдыздар түсті. Режиссер қайтадан Фрэнсис Лоуренс болды.
Бұған дейін
Бұған дейін Kursiv LifeStyle американдық актер Джош Хатчерсон «Аш ойындар» фильміндегі рөлімен танымал болғанын, Тейлор Свифт жанкүйерлері тарапынан хейт толқыны туралы айтқанын жазған. Оның сөзінше, бәрі ол әншінің концертіне анасымен бірге барғаннан кейін басталған, содан кейін журналистермен әңгімеде ол әртіске құрметпен қарайтынын, бірақ оның жанкүйері емес екенін айтқан.
