Қазақстан құрамасы Венгрияда өтіп жатқан артистикалық жүзуден юниорлар әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшыларымыз командалық акробатикалық бағдарламада екінші орынға ие болды. Олардың өнері 203,1 баллмен бағаланды. Алтынды Ресей құрамасы 232,2 баллмен, қоланы Беларусь 201,0 баллмен алды.

Қазақстан құрамасының құрамында Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ищенко, Макпал Калмурза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айганым Саим және Анастасия Воронкова күміс жүлдегер атанды.

Бұл медаль Қазақстан үшін ағымдағы юниорлық әлем чемпионатында үшінші, ал күміс медаль екінші болып отыр. Бұған дейін Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов аралас дуэттердің еркін бағдарламасында екінші орынға ие болған еді. Алғашқы медальді Виктор Друзин әкелді – ол ерлер арасындағы жеке техникалық бағдарламада қола жүлдегер атанды.

Юниорлық (U19) әлем чемпионаты Будапештте (Венгрия) 12-16 тамыз аралығында өтіп жатыр. Оған 35 елден 300 спортшы қатысуда. Барлығы 11 медаль жиынтығы ойнатылады. Қазақстанды 12 спортшы таныстырады.