Арқалықта әуе қатынасы 30 жылдан кейін қайта жанданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көлік министрлігі Астана–Арқалық бағыты бойынша алғашқы рейсті іске қосты. Рейстерді SCAT әуе компаниясы орындайды. 2026 жылғы 22 тамыздан бастап Астана – Арқалық – Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 10 000 теңге тарифпен, ал Алматы – Арқалық – Алматы бағыты бойынша рейстер аптасына 2 рет, бір бағытқа 25 000 теңге тарифпен орындалады.

Бұдан бөлек, облысішілік субсидияланатын Қостанай – Арқалық – Қостанай әуе бағыты іске қосылады. Рейстер аптасына 2 рет орындалып, бір бағытқа билет құны 10 000 теңгені құрайды, - дейді министрлік.