Армения жақын арада Еуроодаққа мүшелікке өтініш беру процесін бастайды. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Пашинян мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Пашинянның айтуынша, процесс жақын арада басталады, әсіресе ЕАЭО-дағы әріптестерінің үндеуіне құлақ асады. Sputnik Армения оның сөзінен үзінді келтірді.
ЕО-ға ресми өтініш беріліп, тиісті жауап алынып, "жол картасы" дайындалғаннан кейін ЕАЭО мен ЕО арасында таңдау жасау туралы референдум өткізіледі.
Бұған дейін ЕАЭО көшбасшылары Армения ЕАЭО немесе ЕО-ны таңдау туралы референдум өткізуі керек деп санайтындарын мәлімдеген болатын.
