Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалып, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Қырықбаев бұл қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Президентінің көмекшісі болған. Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі қызметін Аида Балаева атқарған.

Сонымен қатар, Президент Тоқаев тағы төрт министрді өз орындарында қалдырды. Олар:

  • 01Айдарбек Сапаров – ауыл шаруашылығы министрі;
  • 02Асқарбек Ертаев – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • 03Ербол Мырзабосынов – туризм және спорт министрі;
  • 04Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі.