Аргентина құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасын жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Атлантада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан Энцо Фернандес пен Лаутаро Мартинес гол соқты. Англия құрамасы сапында Энтони Гордон мергендігімен көзге түсті.

Аргентина құрамасы финалда кіммен кездесетіні әлі белгісіз. Чемпионаттың финалдық ойыны таяу күндері өтеді.