Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов әлеуметтік желіде шағын жазба қалдырып, Серік Сәпиевтің мәлімдемесі «өтірік» екенін жеткізді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
««Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын», — дейді Есімханов.»
—
Сәпиевті орынбасары ұрып кеткенін бұған дейін жазған едік. Тараған ақпараттарға қарағанда, ол орынбасарымен төбелескен.
