Қызылорда облысының Арал ауданында жол ақысын негізсіз көтерген такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетел азаматтары әлеуметтік желіде жергілікті такси жүргізушісі жол ақысын көтергені туралы бейнежазба жариялаған. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Арал ауданының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы бұзғаны және тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған айыппұл салынды.
