Жаңа ашылған ақылы үш жолда небәрі бір айда жарты миллионнан астам көлік жүріп өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, бір айда бұл бағыттармен 528 мыңнан астам көлік жүріп өткен. Бұл жақында ақылы режим енгізілген «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал», «Бұрылбайтал – Күрті» және «Талдықорған – Өскемен» автожол учаскелері.

Ең көп жүктеме «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» учаскесінде

«Әсіресе "Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал" көлік өте көп жүрді. Бұл учаскеде бір айда 290 мың көлік тіркеліп, жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызына жетті», – дейді жол компаниясында.

Осылайша, үш жаңа ақылы жол учаскесі бойынша бір айдың ішінде жарты миллионнан астам көлік қатынағаны анықталды:

  • 01«Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал» — 290 мың көлік;
  • 02«Талдықорған – Өскемен» — 181 мың көлік;
  • 03«Бұрылбайтал – Күрті» — 58 мың көлік жүріп өткен.

Ақылы жүйе қашан енгізілді?

Айта кетейік, «Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал» және «Бұрылбайтал – Күрті» учаскелерінде ақылы жүйе биыл 10 шілдеде, ал «Талдықорған – Өскемен» бағытында 11 шілдеде енгізілген болатын.

Үш учаскенің ішінде ең жоғары жүктеме «Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал» тас жолына тиесілі.