Фото: instagram.com/tamaraasar

Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің қаза болу себебін айтты, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

««8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күндік асы өтеді. Көпшілік білгені жөн – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүректің байланысы. Әлішер Тамараның өз баласы болмаса да, ол үшін туғанындай болып кеткен. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы, ал Жұмаш пен кішкентай Ажардың ағасы еді», – деді продюсер.»

Жан Мұқановтың айтуынша, көп адам Әлішердің өліміне қатысты нақты не болғанын сұрап жатқан көрінеді.

««Оны Ақтөбеде көлік қағып кетті. Ол жаққа досының үйлену тойына барған болатын», – деп түсіндірді ол.»