Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе – Қандыағаш» тас жолында 12 мыңнан астам жылдамдық асыру дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
10 шілдеден бастап «Ақтөбе – Қандыағаш» автожолында көлік құралдарының орташа жылдамдығын есепке алу жүйесі іске қосылды. Полиция мәліметінше, жүйе іске қосылған сәттен бастап орташа жылдамдықты асырған 12 мың көлік анықталды. «Барлығы заң шеңберінде жауапқа тартылады», – деді полиция өкілдері.
Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі көліктің жолдың белгілі бір бөлігін қандай уақыт ішінде жүріп өткенін есептеп, оның бүкіл учаскедегі орташа жылдамдығын анықтайды. Сондықтан тек камераның алдында жылдамдықты азайтып, кейін қайта арттыру арқылы жауапкершіліктен жалтару мүмкін емес, дейді Ақтөбе полициясында.
Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
