Ақтөбеде 16 жасар жасөспірімді жылан шағып алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға «Автомобилист-2» бау-бақша ұжымында болған. Жылан жасөспірімнің табанын шағып алған. Туыстары тез арада жедел жәрдем шақырған, содан кейін зардап шеккенді ауруханаға жеткізіп, реанимация бөліміне жатқызған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімді сұр жылан (гадюка) шағып алуы мүмкін. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оған жылан уына қарсы сарысу егілген.

Қазіргі уақытта жасөспірім ем алуды жалғастыруда. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде бағалануда.

Бұған дейін «Курсив» Атырау облысында пойыз дөңгелегі астында қалып, ер адам қаза тапқаны туралы жазған болатын.

Сондай-ақ, Түркістан облысындағы АЭС-те 10 тонналық бензовоз өртеніп, от ғимараттың қабырғасына тарағаны хабарланған.