Биыл 5 айда өндірісте барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапқан.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы биыл бірінші тоқсанда 100-ден астам тексеру өткізді. Нәтижесінде 45 жұмыс берушіге ұсыныс беріліп, 10,5 млн теңге айыппұл салынды.

«— Бес айда 31 жағдай тіркеліп, төртеуі өліммен аяқталды. Соған байланысты арнайы тексеру жүрізіліп, полицияға 30-дан астам материал жолданды. Мұндай жағдай көбіне тау-кен, мұнай өндіру саласында тіркеледі. Дегенмен былтырғыға қарағанда жазатайым оқиға азайды, — деді Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Әлімов.»

Айта кетейік, былтыр 80 адам өндірістік жарақат алды. Онда 13 адам көз жұмды.